Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Бүгін, 11:27 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.

Қаскүнем үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тэгтер:

күдікті қылмыс Грузия