Холестериніңіз жоғары екенін көзге қарап анықтауға болады – дәрігер

Бүгін, 19:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Көзді тексеру ауыр ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Офтальмолог Сино Гозиевтің айтуынша, көз түбіндегі өзгерістер қант диабеті, жоғары холестерин және бірқатар жүйелік дерттер туралы қан талдаулары бұзылмай тұрып-ақ белгі беруі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәселен, диабет кезінде көздің тор қабығындағы ұсақ тамырлар зақымданады. Бұл құбылыс диабеттік ретинопатия деп аталады және ол көбіне науқас ешқандай шағым айтпай тұрған кезде анықталады. Дәрігердің сөзінше, дәл осы ерте диагностика асқынудың алдын алуға әсер етеді.

Көз кейде холестерин деңгейінің де «дабылшысы» бола алады. Қасаң қабық шетінде пайда болатын ақшыл сақина немесе тамырлардағы майлы түзілістер липид алмасуының бұзылғанын көрсетуі ықтимал. Ал көздің созылмалы қабынуы ревматоидты артрит, қызыл жегі немесе Шегрен синдромы сияқты аутоиммунды аурулардың алғашқы белгісі болуы мүмкін.

Тэгтер:

дәрігер көз холестерин