Астанада заң бұзған Нигерия азаматы еден шығарылды

Бүгін, 10:44 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Елордада көші-қон бақылауы барысында Федеративтік Нигерия Республикасының 40 жастағы азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру нәтижесінде оның елордадағы жеке фитнес-залдардың бірінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылық үшін шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін тиісті шаралар қабылданды. Сот шешімімен құқық бұзушы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды.

Полиция көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тартқаны үшін айыппұл және ел аумағынан шығару секілді өзге де жауапкершілік шаралары көзделгенін ескертеді.