Батыс Қазақстанда жүк көлігі мұз астына түсіп кеткен

Бүгін, 09:32 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылында Шаған өзеннен өту кезінде жүк көлігі мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерді.

"Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Сүңгуірлер тобы арқанды бекітіп, жүк көлігін судан шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды жабдықталмаған өткелдер арқылы мұзға шықпауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады", - делінген ТЖМ хабарламасында.