Шымкентте бір отбасының 8 мүшесі газдан уланды

28 желтоқсан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Freepik

Бүгін Шымкент қаласының Абай ауданында улы газдан улану дерегі тіркелді. Табиғи газдан бір отбасының 8 мүшесі зардап шекті. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері барды. Алдын ала мәлімет бойынша, улануға түтіндік мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі себеп болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда.

ТЖД өкілдері тұрғындарды газ жабдықтарын уақытылы тексеріп, түтіндік мұржалардың дұрыс орнатылуын қадағалауға және газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасауға шақырады.

Улы газдың иіссіз әрі аса қауіпті екенін ескертіп, азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға үндеді.