Теміртауда автобуста жас жігіт пышақ жарақатын алды: оқиғаның мән-жайы

Бүгін, 18:29 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Полиция Теміртауда қоғамдық көлікте болған оқиғаның мән-жайын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аяғынан қан аққан жігіттің видеосы тараған болатын.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 26 желтоқсанда қаладағы маршруттық автобустардың бірінде болған. Терезені ашпақшы болған жолаушы басқасынан сөз естіген. Содан жанжал шыққан. Біреуі пышақ алып шығып, 18 жастағы жігіттің аяғына сұққан.

"Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында 30 жастағы ер адам ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылды", - дейді пооицейлер.

Облыстық полиция департаменті тергеу шараларын бақылауға алды.