«Сирек араласатын»: Бердібек Сапарбаевтың ұлы әкесіне арнап жазба жариялады

Бүгін, 16:18 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Белгілі шенеунік, мемлекет қайраткері марқұм Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне арнап естелік жазба жариялады. Ол әкесінің қандай әке болғанын еске алды, деп жазады turkystan.kz.

"Әкем менің шешімдеріме сирек араласатын. Артық сұрақ қоймайтын. Шешім шығаруға асықпайтын. Менің әрекеттеріме мән беретін. Менің жауапкершілігіме қарайтын. Сөзімде тұрам ба, айналамдағы жандарды қалай таңдаймын - соған назар аударатын. Оған менің сөзім емес, қалай өмір сүргенім маңызды болды.

Оның бұл әрекетін тек өзім әке болған кезде ғана түсіндім. Кейде үздік тәрбие - таңдау жасауға кедергі келтірмеу.

Әке әрқашан қолыңнан ұстап жүрмейді. Кейде ол жаныңда тұрып, өзің жүруге қауқарың бар ма деп қарап тұрады", - деп жазды ол.