Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Бүгін, 13:57 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ТЖД

Атырау және Маңғыстау облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 11:40-та ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:

Атырау облысы:

"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 3-210 шақырым аралығы (Доссор елді мекенінен Маңғыстау облысы шекарасына дейін).

Маңғыстау облысы:

"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 210-332 шақырым аралығы (Атырау облысы шекарасынан Бейнеу ауылына дейін).

Жолдарды 2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 18:00-де ашу жоспарланған.