Головкин Роналдумен кездесіп, келесі жылы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.
World Boxing ұйымының президенті әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің төрағасы Геннадий Головкин португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті.
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен кездесудің видеосын Головкин желідегі парақшасында жариялады.
Видеодан екі спорт жұлдызының жылы жүздесіп, әңгімелескенін көруге болады.
Осы сәтте Геннадий Головкин келесі жылы тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеген.