ТЖМ өрт сөндірушілері өртті сөндіріп жатыр.
Осы сәтте ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимараттың өртін сөндіріп жатыр.
Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Өрт сөндіру оқпандары енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 100 жеке құрам мен 24 техника жұмылдырылды.