Алматы тауларында қарлы боран салдарынан көшкін жүруі мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескерту жасады.
Іле Алатауы жотасының көшкін қаупі бар учаскелерін зерттеу мақсатында әуеден визуалды шолу жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша тауларда қар жиналу процесі жалғасып жатқаны анықталды.
"Қардың боранға ұласуына байланысты жекелеген қауіпті учаскелерде қар көшкіні жүруі мүмкін", - дейді министрлік.
Бүгінгі таңда 13 жерүсті зерттеуі жүргізілді. Көшкін қаупі бар учаскелерде 30 ескерту қалқаны орнатылды. 58 хабарлама-ұсыныс және 556 "Абайлаңыз, көшкін!", "Абайлаңыз, сең жүруі" брошюрасы таратылды.
Қар көшкіні жағдайы шиеленіскен кезде көшкін қаупі бар аймаққа халық пен автокөліктің кіруін шектеу үшін блокбекеттер қойылады.
"Егер қар көшкіні туралы ескерту жарияланса, тауларға барудан бас тартқан жөн. Егер ескерту болмаса, онда жолға шықпас бұрын метеорологиялық болжамдарды білу керек. Қозғалыс маршруттарын жасау, дайындықсыз учаскелерде серуендеуден және сырғанаудан аулақ болыңыз", - дейді төтенше жағдайлар министрлігі.
Егер тауға шығар алдында қалың қар түссе, жорықты екі-үш күнге кейінге қалдырған дұрыс, ал қар көшкіні болмаған жағдайда оның шөгуін күткен дұрыс.