Бас прокуратура WhatsApp мессенджеріндегі киберқылмыс жөнінде ескертті

Бүгін, 17:59 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бас прокуратура "WhatsApp" мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес кибералаяқтар "WhatsApp" аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолданып отыр.

"Бұл әдіс "GhostPairing" деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар "WhatsApp"-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді", - деп жазылған хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, сценарий қарапайым: пайдаланушыға "Facebook"* немесе "WhatsApp" атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол "Facebook" пен "WhatsApp" интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.

Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, "WhatsApp"-қа толық қол жеткізеді. Яғни, бұл хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік. Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.

"WhatsApp"-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс, дейді прокурорлар.