«Сол бір сәттер жүрекке сағыныш ұялатады»: Асанәлі Әшімовтің қызы жан сырын ақтарды

Бүгін, 12:35 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Сағинаның жеке мұрағатынан

Марқұм Қазақстанның Халық әртісі, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесін сағынышпен еске алып, әсерлі пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, әкесінен қалған естеліктерді қайта парақтау жүрекке ауыр сезім сыйлайды. Архивте сақталған газет-журналдарды қарап отырып, көзге еріксіз жас келеді.

Әсіресе «Экспресс К», «Жас Алаш», «Алматы ақшамы» басылымдарының беттерінде жарияланған материалдар мен фотосуреттер өткен күндерді қайта тірілткендей әсер қалдырады.

Сағина Әшімова сол сәттерді еске ала отырып, әкесінің өмір жолы, өнердегі қажырлы еңбегі мен халық жүрегінде қалдырған ізі осы парақтарда мәңгі сақталғандай сезілетінін жеткізді.

Оның сөзінше, әрбір сурет пен әрбір жол — әкенің жарқын бейнесін, сахна мен экрандағы ұлы тұлғаның болмысын еске салады.