Бүгін бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 11:52 / Нұрлан Әлинұр

Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

2025 жылғы 27 желтоқсанда Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қаласында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.