"Көрімдік күтемін": Данияр Елеусінов су жаңа көлік сатып алды

26 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол әлеуметтік желіде су жаңа көлік сатып алғанын жазды. Көлік салонында түсірілген видео көпшіліктің назарын аударды.

"Құттықтауларыңызға рахмет! Көрімдік күтемін", - деп жазды боксшы.

Боксшының жанкүйерлері көлік иесін құттықтады.

"Чемпионға бәрі жарасады", "Құтты болсын", "Керемет автокөлік. Құттықтаймын!", - деп жазды олар.

Тэгтер:

көлік бокс Данияр Елеусінов