Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық боксшыны кездесудің бірінші минутында нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

26 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстандық актер әрі жекпе жек шебері Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өтіп жатқан ALL STARS TASHKENT турнирінде таңғажайып өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол рингкте өзбекстандық Никулин Исроиловпен күш сынасып, бірінші раунда оны екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша ол бір минутқа жетер-жетпес уақытта-ақ қарсыласының шаруасын тыңдырды.

Жеңісті сәттен кейін ол рингте сөз сөйледі.

"Ассалаумағалейкум, Ташкент. Мен Ташкентте өзімді үйде жүргендей сезіндім. Рахмет! Мына баладан кіммен жұдырықтасасың деп. Сонда мені таңдапты. Ол мені өз тарихына жазғысы келген. Бірақ мен оны өз тарихыма жазып алдым", - деді рингкте сөз сөйлеген Еркебұлан Тоқтар.

Тэгтер:

Турнир бокс Еркебұлан Тоқтар