Махмұд Сабырхан 2025 жылдың үздік боксшысы атанды

26 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Халықаралық World Boxing бокс федерациясы жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық Махмұд Сабырханды 2025 жылдың ерлер арасындағы үздік боксшысы деп атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сабырханнан бөлек, үміткерлер тізіміне Өзбекстаннан Жавохир Умматалиев пен Фазлиддин Эркинбоев, сондай-ақ Бразилиядан Луис Оливейра мен Юри Фалькао енді.

Жеңімпаз World Boxing-тің әлеуметтік желілеріндегі үміткерлер туралы жарияланымдарға қойылған лайк саны бойынша анықталды. Ерлер санатында бәсеке өте тартысты болды: бес финалистің төртеуі 150 мыңнан аса лайк жинаған.

Дегенмен жеңіс Сабырханға бұйырды. Қазақстандық боксшы әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлерден 323 мыңнан аса лайк жинап, бірінші орынды сенімді түрде иеленді.
 

Тэгтер:

бокс Махмұд Сабырхан