Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарының бірінің пікіріне жауап қатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желі қолданушысы әншіге “қыз балалы болу” туралы кеңес жазған. Ерке Есмахан бұл хатты назардан тыс қалдырмай, пікірге жауап берген.
«Ақымақ болма дегені не? Осы қыз ту деген тақырыпқа нүкте қояйықшы. Өтініш! Мен тағы туамын деп көтергеніммен, Аллах тағы ұл бұйыртса құрсағыма, сол кезде кімге ренжисіз? Кімді ақымақ санар едіңіз? Неге Құдайдың рөліне кіріп кете бересіздер? 2 жыл қатарынан аяғым ауыр болды. Өзімнің босанғаныма 6-ақ ай. Жанталасып қыз керек деп жоспарлап эко, анау-мынау жасатқым келмейді. Күйеуіміз екеуміздің деніміз сау, шүкір! Уақыт өте бәлкім болса, Алланың берген ұлын немесе қызын табамыз. Туғызбаса туймаймыз, осы үш ұлдың қызығын көруді жазсын! Сәбисіз жүрген қаншама отбасы бар. Тек қызы бар, ұлы жоқ немесе тек ұлы бар, қызы жоқ отбасыларда бар. Өмір сүріп жатыр ғой тым жақсысы. Неге артық әңгіме айтасыздар? Қыз керек, қамқор болады, саған жақсы болсын деп айтып жатырмыз дегенді жазбай-ақ қойыңыздар. Қыз болсын, ұл болсын ең бастысы сана берсін деп тілеймін мен. Кім кімге қамқор болатынын уақыт көрсетеді. Асылық сөйлеуден аулақ болыңыздар. Біз өз өмірімізді сүрейік, сіздер де өз өмірлеріңізді сүріңіздер. Өтініш!» - деп жазды Ерке Есмахан.
Кейін өнер иесі бұл жазбаны өшіріп тастаған.
«Стористі өшіріп тастадым. Күйеуіміз екеуміз нүкте қойдық деп ойлағанбыз. Бірақ ескі мышлениемен жүретін адамдарды да сыйлайық деп шештік. Олардың кінәсі жоқ. Бөтен адамның жеке шекарасына өттім деп емес, жақсылық жасап жатырмын деп ойлайды», - деді әнші.