«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автожолында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
"26 желтоқсан сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 166-250 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алтай қаласынан Үлкен Нарын ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, жолды 2025 жылғы 27 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.