Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінде қар көшкіні жүруі ықтимал, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қардың жиналуын, мұздық кешендердің жай-күйін бағалау, сондай-ақ Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінің көшкін қаупі бар учаскелерін зерттеу мақсатында аэровизуалды ұшу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша тауларда қар жиналу процесі жалғасып жатқаны анықталды. Қардың боранға ұласуына байланысты жекелеген қар көшкіні қаупі бар учаскелерде қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін», - деп Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.