Тісті ағартқанда жасауға болмайтын қателіктер

Бүгін, 05:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Адамдар күлгенде тісі әппақ болуы үшін тістерін үйде түрлі әдіс-тәсілдермен ағартып жатады. Алайда Пирогов университетінің стоматологы Анастасия Хритова үйде тіс ағартудың қауіпті екенін айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Тістерді ағартудың кейбір әдістерінің қауіптілігі неде?

– Күріш суымен, ас содасымен, көмір таблеткасынан жасалған ұнтақпен және соған ұқсас тәсілдермен тіс ағарту – бұлардың барлығы құрамында ірі абразив бөлшектердің болуына негізделген. Мұндай жағдайда ағарту тіс эмалін қажайды. Сондықтан бұл әдістердің тиімділігі күмәнді. Пайдасынан зияны көп.

– Қандай ағарту тәсілдері қауіпсіз?

– Қазіргі таңда ең тиімді әрі қауіпсіз ағарту әдістері – кәсіби тәсілдер. Олар стоматологтың креслосында да, үй жағдайында тағайындалуы да мүмкін. Бұл әдістер эмальдағы пигменттерге химиялық қосылыстардың әсер етуіне негізделген. Сонымен қатар қосымша ретінде жұмсақ абразиві бар арнайы ағартқыш тіс пасталары тағайындалуы мүмкін.

– Қандай қарсы көрсетілімдер бар?

– Тіс ағарту процедурасына қарсы көрсетілімдерге мыналар жатады: ағартқыш жүйелер мен пасталардың құрамына жеке төзімсіздік, жүктілік, 18 жасқа толмау, ауыз қуысының қабыну аурулары, тіс жегісі (кариес) және оның асқынулары.

Тэгтер:

тіс тазалау стоматолог тіс ағарту