А.Мұхамедиұлы: Димашқа барынша қолдау көрсететін боламыз

А.Мұхамедиұлы: Димашқа барынша қолдау көрсететін боламыз

А.Мұхамедиұлы: Димашқа барынша қолдау көрсететін боламыз
ашық дереккөзі
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димашты I am a singer байқауындағы екінші орнымен құттықтап, ведомство тарапынан қолдау көрсетуге уәде берді деп хабарлайды Sputniknews.kz. "Достар, Қытайдан сүйінші жаңалық келіп жетті. Қандай қуаныш десеңізші! Біздің Димаш Құдайберген I am a singer  байқауында екінші орын иеленді. Бұл ұзаққа созылған әрі адамды қажытатын дода болды. Димашымыздың үлкен жеңісі, маңдай тері. Тамаша жетістік!", - деп жазды Мұхамедиұлы. Ведомство басшысы атап өткендей, Димаш жай ғана жаңа жұлдыз емес, үнемі дамып, одан әрі шарықтай беретін нағыз дарын иесі. "Оның алдында әлі талай асулар күтіп тұр, оған сенімдімін. Өз тарапымнан айтқым келетіні, болашақта да оған барынша қолдау көрсететін боламыз. Димаш, сәттілік тілеймін, алтыным, жарайсың, біз сені мақтан тұтамыз", - дейді министр.