«Жүрегім қуанышқа толды»: Динара Қырықбаева 15 жылдан кейін сахнаға қайта шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 05:41 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Динара Қырықбаева 15 жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі көпшілік алдына қайта оралған сәтін ерекше толқыныспен қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, соңғы рет сахнаға шыққанына 15 жыл өткен.

«Шынымды айтсам, сахнаға шықпағалы 15 жыл болды. Бүгін жұлдыз болып тұрмын», – деді әнші.

Сондай-ақ Динара Қырықбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына әсерлі жазба арнады. Ол тойда ән айтып, ерекше қуанышқа бөленгенін жеткізді.

«Тойда ән айтып, жүрегім қуанышқа толды. Ұмытпай шақырғандарыңызға көп рақмет. Сахнаға шыққанымда өзімді шын мәнінде бақытты сезіндім. Әнмен, қуанышпен есте қалатын керемет сәт болды», – деп жазды ол.

Әншінің сахнаға қайта оралуы желі қолданушылары арасында жылы пікірге ие болып, көпшілігі өнер иесіне сәттілік тіледі.