Тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті

Тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті

Тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті
ашық дереккөзі
Ақмола облысында тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті. Бұл туралы  облыстық  ішкі істер департаментінің өкілдері Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлады. Жексенбі күні оқиғаның куәгерлері тасқын судың жолдан асып-тасып жатқаны түсірілген бейнежазбаны жариялаған болатын. Жазбада балалар мінген автобусты су ағызып, жолдан шығарып жіберген. Кейінірек анықталғандай, оқиға 16 сәуір күні Сандықтау ауданында Атбасар-Көкшетау жолында Балкашино және Максимовка ауылдарының арасында болған. «10 бала және мұғалімдер мінген "ПАЗ" маркалы автобусы Державинск қаласынан Көкшетауға іс-шараға қатысуға кетіп бара жатқан. Жолда тасқын су автобусты ағызып әкеткен, балалар зардап шеккен жоқ, оларды қауіпсіз жерге шығарып, мектепке орналастырды», - деді полиция қызметкерлері.