Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады – Тоқаев

Бүгін, 17:00 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, бірнеше ірі нысанды аралап көріп, Тараз қаласының жұртшылығымен кездесті. Кездесуде Президент алдағы жылы түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңі басталатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Мен үш жыл ішінде Қазақстан цифрлық ел болу керек деген мақсатты айқындадым. Жасанды интеллекті мен цифрлық экономика – дамыған елдерге тән басты үрдіс. АҚШ және Қытай – бұл саладағы ең озық елдер. Қазақстан да өркениеттің даңғыл жолынан шет қалмауы керек. Сондай жағдай болса, келер ұрпақ бізді кешірмейтіні сөзсіз. Ондай қателікке жол бермейміз. Жолдауымда мен осы тақырыпқа көп зейін қойдым. Қазіргі таңда Үкімет белсенді жұмысқа кірісті, біраз жоба іске асырылды, бірақ алдымызда ауқымды жұмыс бар. Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады. Түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңі басталады. Бұл туралы кейінірек жариялап айтамын. Бәріміздің мақсат-мүддеміз – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз, Күшті және Таза Қазақстанды құру. Ең бастысы, еліміздің ынтымақ-бірлігі мықты болуы керек. Мемлекет пен қоғам бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Бір ел, бір халық болып, жұмыла білсек, міндетті түрде мақсатымызға жетеміз».

Тэгтер:

Тоқаев өзгеріс бетбұрыс