Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр – Мемлекет басшысы

Бүгін, 16:44 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барды. Бірнеше нысанды аралағаннан кейін Президент Тараз жұртшылығымен кездесті. Кездесуде «Заң мен тәртіп» қағидатына назар аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан қауіпсіз ел ретінде қалыптасуда. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр.

Екі күн бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы әңгімелестім, ол да заң мен тәртіп саясатын жүзеге асыруда, қылмысқа, тәртіпсіздікке жол бермейміз деді.

Осындай саясаттың нәтижесінде соңғы бес жылда елімізде аса ауыр қылмыстар едәуір азайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бойынша көрсеткіштер де төмендеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тэгтер:

Тоқаев Заң мен Тәртіп