Damumed жұмысында заңнаманы бұзу деректері анықталды

Бүгін, 16:00 / Інжу Әлихан
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесінде «DAMUMED» кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімділік көрсету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі анықталды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС айыппұлды толық көлемде өтеді.