Түркістанда ұлы мен келіні қарияны ұрып-соққан: Іс сотқа жолданды

Бүгін, 15:10 / Алуа Арман
ғаламтор

Түркістан облысында қарт адамға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Тергеу деректеріне сәйкес,  40 жастағы азамат жұбайымен бірге ұзақ уақыт бойы қарт әкесін қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зорлық-зомбылықтың сұмдық көріністерін көршілері жасырын түрде видеоға түсірген. Олар бейнежазбаларды жариялап, полицияға жүгіну туралы шешімді зейнеткер қайтыс болғаннан кейін қабылдаған. Тергеу барысында қарт ер адамның жүйелі түрде соққыға жығылғаны, аулада сүйрелгені және дене жарақаттары салынғаны анықталды. Кейбір жағдайларда бұл әрекеттер кәмелетке толмаған балалардың көз алдында жасалған.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тергеу органдары марқұмның мәйітіне эксгумация жүргізді. Тергеу қорытындысы бойынша қаза тапқан адамның ұлына бірден екі бап бойынша айып тағылды — дәрменсіз күйдегі адамды азаптау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

Ер адамға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Іс материалдары сотқа жолданды.

Тэгтер:

Түркістан облысы Іс келін ұл қария ұрып-соғу