Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты

Бүгін, 15:09 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорнына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды. 

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.