Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бүгін, 14:50 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Жетісу өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін жол жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

 — 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 14:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал — Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылы — Достық станциясы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — делінген хабарламада.