Қостанай облысындағы аудандардың бірінде әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот Қостанай облысындағы лауазымды тұлғалардың біріне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу материалдарына санкция берді. Әңгіме Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің орынбасары туралы болып отыр. Бұл ақпаратты өңірлік прокуратура растады.
Бұған дейін аталған дерек әлеуметтік желілерде тараған болатын. ҚазАқпарат мәліметінше, әңгіме Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Мұханов жайында болып отыр. Ол бұл қызметке 2025 жылдың наурыз айында тағайындалған. Алайда қазіргі таңда оның аты-жөні ауданның қолданыстағы басшы лауазымды тұлғаларының тізімінде жоқ.
— Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Іс аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген түсініктемеде.