СҚО-да қауіпті пиротехникалар тәркіленді

Бүгін, 14:00 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Полицейлер пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алуды қатаң түрде ұсынады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пиротехниканы заңсыз сату қауіп төндіреді. Өйткені мұндай жағдайда өнімнің сапасы мен сақтау талаптарының сақталуына ешкім кепілдік бермейді. Қолайсыз жағдайда сақталған отшашу пайдалану қауіпті. 

20 желтоқсаннан келесі жылдың 3 қаңтарына дейін Солтүстік Қазақстан облысында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өтуде. Қазіргі уақытта полицейлер пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 9 дерегін анықтап, тиісті құжаттары жоқ 64 пиротехникалық өнімді тәркіледі. 

Құқық қорғау органдары азаматтарға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын еске салады. Отшашу мен петардаларды қауіпсіз қолдану үшін нұсқаулық талаптарын қатаң сақтау қажет. Ең бастысы – пиротехниканы балалардың пайдалануына қатаң тыйым салу.