Оқиға 2025 жылдың 6 маусымында Түркістан облысында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кәмелеттік жасқа толмаған қыз дүкенде сатушы болып жұмыс істеген. Күдікті шамамен түнгі сағат 00:30-да, жәбірленуші қыз жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан кезде шабуыл жасаған. Ол оны зорлап, басқа да жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, содан кейін жәбірленушіні тұншықтырып өлтірген.
Сот үкімімен сотталушыға тағайындалған жазаларды қосып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушыдан жәбірленушінің өкіліне моральдық шығын ретінде 50 млн теңге өндіріп алынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.