Қазақстан сәбізді экспорттауға тыйым салады

Бүгін, 11:59 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Сәбізді шетелге шығаруға уақытша тыйым салынбақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Бұйрық жобасына сай, сәбізді үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне экспорттауға үш айға уақытша тыйым салынады.

Талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бұл елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.