Бүгін Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алуға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті.
«Біз Ұлдананың жадына басымызды иеміз. Оның әрекеті – шынайы батылдықтың, адалдықтың және жоғары біліктіліктің мысалы.
Ұлдана туралы естелік ол оқыған медициналық колледждің қабырғасында сақталады: аудиториялардың біріне оның есімі беріледі», – деп жазды министр.