Маңғыстауда лицензиясыз білім берумен айналысқан мекеме жауапқа тартылды

Бүгін, 11:16 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бейнеу аудандық сотында ӘҚБтК-нің 463-бабының 1 бөлігімен «Д» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті «Д» ЖШС-не тексеру жүргізіп, тексеру нәтижесінде лицензиясыз (рұқсатсыз) білім беру қызметін атқарып жатқандығы анықтаған.

Сот отырысы барысында аталған ЖШС-нің басшысы Ж. әкімшілік хаттамамен келісіп, көрсетілген кемшіліктер орын алғанын, алдағы уақытта кемшіліктер жойылатындығын айтты.

 Сот қаулысымен «Д» ЖШС-гі ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (яғни 98 300 теңге) әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Тэгтер:

Айыппұл білім беру Маңғыстау