Павлодар тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде квадроциклдер мен мотоциклдерді сату туралы жарнаманы көріп, сатушымен телефон арқылы байланысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сатушы тауарды жеткізіп беретін болып, 1 200 000 теңгеге келіскен. Сатып алушы тауар құнын толығымен төлеген. Алайда тауарды алмаған.
Тараптардың хат алмасуы олардың арасында сатып алу-сату шарты бойынша құқықтық қатынастардың бар екенін растады. Талап қоюшы қаражатты аудару арқылы өз міндеттемелерін орындады. Келтірілген дәлелдемелерді және істің мән-жайын бағалай отырып, сот талап қоюшының талаптары заңды және негізді деген қорытындыға келіп, талап қоюды қанағаттандырды және жауапкерді төленген ақшаны қайтаруға міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.