Бүгін – Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл

Бүгін, 09:45 / Інжу Әлихан

Бүгін қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы Мұстафа Шоқайдың дүниеге келген күні, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркі әлемі көсемінің туғанына биыл 135 жыл толып отыр. Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сыр бойындағы Наршоқы деген жерде дүниеге келген.

Петербор университетінде заң факультетін бітіріп, саяси қызметке араласқан. 1917 жылы Қоқанда құрылған Түркістан автономиясының төрағасы болып сайланды. Кеңес билігінің қысымына ұшырап, 21 жыл бойы Еуропада эмиграцияда жүреді. Францияда тұрып, «Яш Түркістан» журналын шығарды. Сонымен қатар, түрлі басылымдарда саяси мақалалары басылды. Германия, Англия, Франция секілді ірі елдердің саяси мінберінен сөз сөйлеп, түркі халқының кеңестік кертартпа саясаттан кесапат көріп отырғанын ашына айтты.

Бүгінде Мұстафа Шоқайдың еңбектерінің біразы Франциядағы кітапханада сақтаулы.

Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлин қаласында қайтыс болған.