Ақтөбеде 12 адамның қаза табуына әкелген резонансты жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесі басталады. Сот отырысы 29 желтоқсанға белгіленді, деп хабарлайды turkystan.kz.
23 желтоқсанда бұл іс бойынша материалдардың сотқа жолданғаны белгілі болды. Іс айыпталушы – жүк көлігінің жүргізушісінің қатысуынсыз қаралатын болады.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 345-бабы — «Жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бабы бойынша қозғалған», — делінген хабарламада.