Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

Бүгін, 09:03 / Алуа Арман
istockphoto.com

24 желтоқсан күні шамамен сағат 19:00-де Ақтөбе – Атырау – Астрахань автожолында үш автокөлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүк көлігі, Toyota Hilux және Toyota Alphard көліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Тэгтер:

Атырау Жол апаты