"Саған ризамын": Абай Бегей жеке концертінде әйеліне алғыс айтып, көзіне жас алды (ВИДЕО)

Бүгін, 06:00 / Дана Ізтілеуова
Видеодан скриншот

Әнші Абай Бегей Республика сарайында берген жеке концертінде жолдасы Фариза шексіз алғысын жеткізді.

"Саған көп рахмет! Жабыққан кезде қасымнан табылдың. Балаларыма, қыздарыма ана болғаның үшін рахмет!", – деді әнші.

Әншінің әйелі Фариза да көзіне жас алып, көңілі жібіді.

"Жәннатым!

Күтпеген жерден осындай тосын сый жасағаныңызға рахмет! "Саған ризамын" деген сөзіңіз қатты жылатты. Алла бізді тіл көзден сақтасын, ұл-қыздарымыздың қуанышына тоймай жүре берейік!", – деп жазды Фариза Жұманова.

Тэгтер:

Абай Бегей Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова