"Сөзбен жеткізу қиын": Асанәлі Әшімовтің қызы желіде жазба жариялады

Бүгін, 05:30 / Дана Ізтілеуова

Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина әкесі туралы жазба қалдырды. 

"Әкем...

Жүрегімнің ішінде жүрегі.

Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын.

Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз...", – деп жазды.

Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасына қараған шағында дүние салды.

Тэгтер:

Асанәлі Әшімов Сағина Асанәлі Әшімовтің қызы