Энзим қосылған тіс пастасы: дәрігер трендтегі өнім қауіпті екенін айтты

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Кейінгі кезде «жұмсақ әрі тиімді» деп жарнамаланатын энзим қосылған тіс пасталары алаңдаушылық туғыза бастады. Eurokappa Clinic жетекші ортодонты Марьяна Барагунованың айтуынша, мұндай пасталар тіс эмалі мен қызыл иекке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Энзим қосылған пасталардың негізінде папаин, бромелайн секілді белсенді ферменттер бар. Олар тіс бетіндегі жұмсақ қақты ыдыратуға арналған. Дәрігердің түсіндіруінше, ұзақ әрі жиі қолданса, олар эмальдың үстіңгі қабатын жұқартып, оның қорғаныш қасиетін әлсіретеді. Нәтижесінде тіс сезімталдығы артып, микрожарықтар пайда болуы мүмкін.

Ол тек эмальға қауіп төндіріп қана қоймайды. Энзимдер ауыз қуысының жұмсақ тіндерін де тітіркендіреді. Пародонтиті бар адамдарда қабыну күшеюі ықтимал. Ал бруксизммен (тіс қайрау) немесе тістерінің табиғи тозуы жоғары адамдар үшін бұл пасталар эмальдың одан әрі жылдам жұқаруына әкелуі мүмкін.

Мамандар энзим қосылған пасталарды жасөспірімдерге мүлде ұсынбайды.

Қысқасы, «инновациялық» деген белгі әрдайым қауіпсіз дегенді білдірмейді. Тіс күтімінде де тепе-теңдік маңызды: агрессивті шешімдер жылдам әсер беруі мүмкін, бірақ оның бағасы қымбатқа түсуі ықтимал.

Тэгтер:

қауіп тіс пастасы энзимдері бар тіс пастасы