Әлемдік державалардың басшылары Қазақстанға келгенде қалаларымыздың келбетіне қарайды – Тоқаев

Бүгін, 17:16 / Алуа Арман
istockphoto.com

Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Елорданың заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керектігін атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың тұрмыс-тіршілігі мен жұмысына барынша қолайлы жағдай жасау барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті екеніне баса назар аударды.

«Үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажет. Азаматтардың тұрмыс-тіршілігі мен жұмысына барынша қолайлы жағдай жасау барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті болуға тиіс. Ал елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек. Өйткені оның мәртебесі бөлек. Бұл орайда Астанада қазірдің өзінде біршама нәтижеге қол жеткіздік. Қалалық ортаны дамытудың бірыңғай тәсілі айқындалды. Мұны биыл жазда елімізде өткен саммиттер кезінде өзге де мемлекеттер басшылары байқаған. Мысалы, Төраға Си Цзиньпин қаламыздың келбеті айтарлықтай жақсарғанын айтып, жоғары бағасын берді. Бұл – әлемдік ірі державалардың басшылары Қазақстанға келгенде біздің қалаларымыздың келбетіне мән беріп қарайды деген сөз. Мұны қаперде ұстау керек», – деді Президент.

 

Тэгтер:

Тоқаев урбанистика