Құны – 2 млн теңге: Қостанайда асыл тұқымды жылқыны ұрлаған тұрғын ұсталды

Бүгін, 16:22 / Алуа Арман
polisia.kz

Қостанай облысында асыл тұқымды жылқыны ұрлау дерегі жедел ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің, сондай-ақ бейнебақылау камераларының көмегінің нәтижесінде құны 2 млн теңге болатын асыл тұқымды жылқы қылмыс жасалғаннан кейін алғашқы сағаттарда-ақ иесіне қайтарылды.

23 желтоқсан күні Қарабалық кентінің тұрғыны полицияға арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз тұлға шаруашылық қора-жайға заңсыз кіріп, алты жастағы сұр түсті асыл тұқымды айғырды жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 2 млн теңге көлемінде бағаланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні "ізін суытпай" анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған жылқы заңды иесіне қайтарылды.

Тэгтер:

Қостанай ұрлық асыл тұқымды жылқы