Қалдықтарды қайта өңдеу көлемі 4 есеге артты - «Жасыл даму» АҚ

Бүгін, 14:47 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Былтыр қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі ЕсoQolday бағдарламасы қайта іске қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бағдарлама аясында қаптаманың/автокомпоненттердің қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша кәсіпорындармен 77 шарт жасалды.

«Бағдарлама қайта іске қосылғаннан бері тұрақты өсуді көрсетуде. Мәселен, 2024 жылы 11 мың тонна қалдық қайта өңделсе, 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында 41 мың тонна қалдық өңделді, яғни қайта өңдеу көлемі 4 есеге артты. Бүгінгі таңда қайта өңдеуге бағытталған қалдықтардың жалпы көлемі шамамен 52 мың тоннаны құрады», - деді «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның мәліметінше, бағдарламаға қатысушыларға шамамен 900 млн теңге төленді.