2025 жылы жасалған қаржылық бұзушылық 2 трлн теңгеден асты – аудит қорытындысы

Бүгін, 14:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның 2025 жылғы жұмысының алдын ала қорытындысын шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоғары аудиторлық палата 2025 жылы жүргізген аудиттердің қорытындысы бойынша 70 материал құқық қорғау органдарына беріледі.

19 желтоқсандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палата 71 трлн теңгеден аса қаражатты қамтыған 32 аудиторлық іс-шараны аяқтады.

Нәтижесінде 2 трлн теңгеден аса бұзушылықтар (қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз пайдалану және жоспарлау) анықталды.

193 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Тағы 204 адам әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар 70 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Олардың 44-і бойынша материалдар жіберілсе, 26-сы қаралу сатысында.

«Бұл жұмыс тұрақты жүргізілуде және қатаң бақылауда», — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.

Тэгтер:

аудит қаржылық бұзушылық