Президенттің өкімімен Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Бүгін, 12:55 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Баялиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.