Щучьеде шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі басталды

Бүгін, 12:29 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазіргі таңда Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі өтіп жатыр. Республикалық турнирге елдің 11 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыс аясында спринт бағдарламасы бойынша үздіктер анықталды. Ерлер арасында алтын медальді Константин Борцов жеңіп алды. Күміс жүлде Сұлтан Базарбековке бұйырса, қола жүлдені Дастан Қалыбеков еншіледі.

Әйелдер арасындағы жарыста Анна Мельник жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Екінші орынды Надежда Степашкина иеленді. Ал қола жүлде Дарья Ряжкоға бұйырды.

Тэгтер:

Қазақстан кубогі шаңғы жарысы