Бүгін Мемлекет басшысы Астана қаласын дамытуға арналған кеңес өткізеді

24 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

— Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Астана қаласын дамытуға арналған кеңес өткізеді, — делінген хабарламада.